Қазақстандықтар ҰОС қатысқан туыстары туралы ақпаратты арнайы порталда біле алады
ҰОС қатысқан қазақстандықтардың есімі порталда жинақталды
Қазақстандықтар енді Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстары туралы мәліметті "Батырларға тағзым" арнайы порталынан біле алады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің мәліметінше, порталға 100 мыңнан астам қазақстандық жауынгердің деректері енгізілген. Порталда соғысқа қатысқан азаматтар туралы деректер Министрліктің, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде "Atamnyn Amanaty" бірлестігінің мәліметтері негізінде толықтырылып отырады.
Биыл Қазақстан Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Мерекелік іс-шаралар аясында:
- қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздестіру және қайта жерлеу;
- олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру;
- ескерткіштерді жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Сенаторлардың эвакуациялық госпитальдардың тарихын зерттеу туралы ұсынысына жауап ретінде премьер-министр архивтік деректердің ашық екенін және зерттеушілерге сұраныс бойынша берілетінін атап өтті.
ҰОС ардагерлерін іздеу
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...