Қазақстандықтар зейнетақы қаржысын енді көз емдетуге де шеше алмайды

04.12.2025 10:01 Әсел Мұрат
Қазақстандықтар зейнетақы қаржысын енді көз емдетуге де шеше алмайды
0
102
Фото: ашық дереккөз

«Отбасы банк» 4 желтоқсаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдерді қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Банктің мәліметінше, осы күнге дейін жіберілген барлық өтінім жұмысқа қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралады.

«Өтінім қабылдауды тоқтату – Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістерімен байланысты. Желтоқсанның үші күні тиісті бұйрық жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта банкте «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15808 өтінім бар. Оның ішінде:

  • 5131 өтінім (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр;
  •  10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралған.

«Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артты. 15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінімге дейін өсті. Сонымен қатар банк бірқатар күмәнді жағдайды анықтады. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болды», - делінген хабарламада.

«Отбасы банк» бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ артық қаражатты әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алатынын еске салды. Атап айтқанда:

  • орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
  • реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары;
  • радионуклидті және радио-йод терапия;
  • радиохирургиялық ем;
  • протондық терапия.
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий