Қазақстандықтарды жасына емес, еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығару ұсынылды

02.04.2026 14:43 Әсел Мұрат
Қазақстандықтарды жасына емес, еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығару ұсынылды
282
Фото: ашық дереккөз

Сенат отырысында депутат Амангелді Нұғманов Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жасына емес, еңбек өтіліне қарай өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Нұғмановтың айтуынша, бүгінде жасына қарай емес, еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу жүйесіне біртіндеп көшетін кез келді. Бүгінде қорғаныс, ішкі істер мен арнаулы органдар саласында ондай жүйе бар. Оны барлық салаға енгізуге болады.

«Елде әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері және арнайы мемлекеттік органдар үшін еңбек өтіліне негізделген зейнетақы жүйесі қазірдің өзінде бар. Оның өзінде азаматтар қажетті еңбек өтілін жинағаннан кейін зейнетке шығу уақытын өзі белгілеп, бұл шешім үшін экономикалық жауапкершілікті өз мойнына алады», - деді депутат жолдаған сауалында.

Айтуынша, қазір кейбір азаматтар, мысалы, созылмалы аурулары барлар немесе кәсіби аурудан зардап шегетіндер, зейнетақыға уақытынан бұрын шығу құқығына ие емес. Заң тек ресми мүгедектік тобына ғана мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл өзгерістер жұмыссыздықты азайтуға, басқаның есебінен күн көру сезімін төмендетуге, яғни, масылдық психологияны азайтуға көмектеседі. Себебі адамдар қажетті еңбек өтілін жинап, зейнетке шығуға тырысады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий