Қазақстандықтарға соғыс аймақтарына баруға тыйым салынуы мүмкін
Қазақстан үкіметі азаматтардың әскери қақтығыс аймақтарына баруын заң жүзінде шектеу мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, Таяу Шығыстағы күрделі жағдайға байланысты Қазақстан бірнеше эвакуациялық рейс ұйымдастырған. Жалпы саны 66 рейс жүзеге асырылып, оның бір бөлігі мемлекет қаржысы есебінен орындалса, қалғаны коммерциялық негізде іске асқан.
Сондай-ақ Алматыдан Дубай мен Шарджа бағыттарына азаматтардың әлі де көптеп қатынауына байланысты уақытша шектеу тетіктері әзірленіп жатқаны айтылды.
Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде пайдаланылатын арнайы әуе кемелерін сатып алу және қажет болған жағдайда отандық әуе тасымалдаушыларын жұмылдыру мәселесі қарастырылуда.
Үкімет сақтандыру саласын да күшейтуді жоспарлап отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі сақтандыру секторын дамыту бағдарламасын және сақтандыру қызметі туралы жаңа заң жобасын әзірлеуде. Құжатта мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті кеңейту тетіктері де қамтылмақ.
Соңғы жаңалықтар