«Қазақстанның солтүстігі – Ресейдің жері» деген ақтөбелік қыздың сөзі жұртты ашуландырды

22.07.2026 13:10 Әсел МҰРАТ
«Қазақстанның солтүстігі – Ресейдің жері» деген ақтөбелік қыздың сөзі жұртты ашуландырды
169
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде «Қазақстанның солтүстігін Ресейдің жері» деп атаған Ақтөбе тұрғынының қатысуымен түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Threads желісінде жарияланған бейнежазбада Украинадан келген ер адам Ақтөбе тұрғыны Валерияның айтқан сөздеріне наразылығын білдірген. Қыз Қырымды Ресейдің аумағы деп санайтынын айтып, қазақ тілінде сөйлесуден бас тартқан.

Сондай-ақ ер адам Валериядан «Егер Қазақстанның солтүстігін Ресей басып алса, оны Ресейдің жері деп санар ма едің?» деп сұраған. Қыз бұл сұраққа «иә» деп жауап берген.

Сонымен қатар ол Қазақстаннан кетуді жоспарлап отырмағанын айтқан.

Бейнежазба қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаментінің өкілдері түсініктеме берді.

Полицияның мәліметінше, аталған бейнежазба 2024 жылы жарияланған. Сол кезде бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп, видеодағы қыздың кім екені анықталған. Кейін ол полиция бөліміне жеткізіліп, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

«Ол кезде аталған факті бойынша тексеру жүргізілді. Видеода бейнеленген қыздың кім екені анықталып, кейін ол полиция бөліміне жеткізілді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Войдите, чтобы оставить комментарий