Қазақстанның тәуелсіздігін мақтаған ресейлік депутат өз елінде «шетел агенті» атанып, мандатынан айырылды

28.03.2026 13:36 Арман Ермеков
Қазақстанның тәуелсіздігін мақтаған ресейлік депутат өз елінде «шетел агенті» атанып, мандатынан айырылды
380
Фото: iltumen.ru

Алматыда бейнежазба түсіріп, Қазақстанның тәуелсіздігін мақтаған Якутия парламентінің депутаты Александр Иванов Ресейде шетелдік агент танылып, мандатынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Новые люди» партиясынан сайланған Якутия мемлекеттік жиналысының бұрынғы депутаты биыл ақпан айында Алматыдағы Тәуелсіздік монументі жанында бейнежазба түсірген.

Ол өз сөзінде қазақ халқының басты байлығы ерік бостандығы мен тәуелсіздігі екенін айтып, өткен ғасырдың 1986 жылы қазақ жастары осы тәуелсіздіктің іргетасын қалағанын жеткізді.

«Қазақ халқы өз тілін, тарихын оқып, ата-баба жеріне иелік етіп отыр, ал біздің саха халқына кейде өз тіліміз бен шынайы тарихымызды оқуға тыйым салынады», - деді Александр Иванов.

Бұл мәлімдемеден кейін депутаттың ресейлік әріптестері оны қатаң сынап, сепаратизм бабы бойынша айыптап, прокуратураға шағым түсірген. Олар саясаткерді өз еркімен өкілеттігін тоқтатуға шақырғаннан кейін, 27 ақпанда Ресейдің Әділет министрлігі оны шетелдік агенттер тізіміне енгізді.

20 наурызда Александр Иванов өзін бұл тізімнен шығаруды талап етіп Әділет министрлігінің үстінен сотқа арыз жазып, аймақтық парламентке мандатын қайтарып алу мәселесін қарамауды сұрап өтініш жіберген.

Алайда 25 наурызда депутаттардың көпшілігінің дауыс беруімен ол Якутия мемлекеттік жиналысының халық қалаулылары қатарынан шығарылып, өкілеттігінен мерзімінен бұрын айырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий