"Қазақтың Джей Лосы қайта оралды": Мақпал Исабекованың жаңа образы көпшілікті тәнті етті

26.12.2025 11:04 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
0
57
Коллаж: Politico.kz

Әнші Мақпал Исабекова шығармашылықтағы жаңа кезеңін бастады. Өнер иесі “Салқын” атты жаңа туындысымен тыңдарман алдына шығып, мүлде жаңарған образын ұсынды. Экрандағы батыл стилі, сахналық пластикасы мен ішкі энергиясы көпшіліктің назарын бірден аударды, деп хабарлайды Politico.kz

Жаңа бейнебаянда Мақпалдың келбеті бұрынғыдан да айқын, сенімді әрі заманауи көрінеді. Әншінің бұл образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тыңдармандар оны шетелдік жұлдыздармен салыстыра бастады. Көпшілік “Қазақтың Джей Лосы”, “Күн өткен сайын жасарып барады”, “Сұлулығына сөз жоқ”, “Декреттен кейін энергиясы тасып тұр” деп жоғары баға беріп жатыр.

Сонымен қатар кейбір желі қолданушылары әншінің мінезі мен образындағы салқындықты да атап өтті. “Барлығы үйлесіп тұр, бірақ тәкаппарлығы басым сияқты”, “Ойбай, қай сандықтан шықты?” деген әзіл-шыны аралас пікірлер де жазылып жатыр. Дегенмен бұл да образдың көрерменді бейжай қалдырмағанын аңғартады.

Қалай десек те, Мақпал Исабекованың “Салқын” әні мен жаңа бейнесі қазақ эстрадасына жаңа леп әкеліп, әншінің әлі де шығармашылық қуаты сарқылмағанын дәлелдеді. Тыңдарман оның алдағы жұмыстарына да ерекше қызығушылық танытып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий