«Қазақтың еркектерінің барлығы Қонаев атамыз деп пе едіңдер»: журналист Тұрсынбек пен  Мөлдір туралы өз ойын айтты

10.11.2025 11:59 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Қазақтың еркектерінің барлығы Қонаев атамыз деп пе едіңдер»: журналист Тұрсынбек пен  Мөлдір туралы өз ойын айтты
0
496
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Бибігүл Дәулетбекққызы

 Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілік арасында талқыланып жатқан Тұрсынбек пен Мөлдір арасындағы жайтқа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Журналистің жазуыгша, Мөлдір өзін құрбандыққа шалып жүре берген. Тұрсынбек тастап кеткенше жүре берген. 

«Мен манипуляторларды жек көремін. Олар өзінің ғана емес, жұрттың да өмірін ұрлайды. Логикалық түрде ойласаңдар, Тұрсынбек 14 жыл бұрын «мөлдіреген Мөлдірмен» қош айтысқысы келген. Алайда Мөлдір өзін құрбандыққа шалып жүре берген, жүре берген, жүре берген...Тұрсынбек тастап кеткенше жүре берді. 
Ал екінші әйелімен Тұрсынбек 14 жыл тұрып, бұнымен небәрі 7 жыл өмір сүргенін қашан ұғасыңдар?!», - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Журналист болған оқиғаға психологсымақтардың да қатысы барын жоққа шығармады. Жазуынша, сол психологтардың өздері изменаның көкесін көріп, елдің алдында «бақытты әйелдің» образында жүр.

«Сендерге қазақтың еркектерінің барлығы Қонаев атамыз деп пе едіңдер? Тұрсынбек секілділер ортамыздар толып жүр. Болған да. Бола береді де! Мұндай Тұрсынбектер болмасын десеңіздер, жасыл нәскиді ерлеріңе кигізіп, байларыңды мырзам деп көкке көтерген мияугүл-психологсымақтарды көп тыңдамаңыздар! Мөлдірдің қателігі – ханымсымақтарды көп тыңдауы! Сол психологтардың өздері изменаның көкесін көріп, елдің алдында «бақытты әйелдің» образында жүргенін 10 жыл бұрын жаздым. Сонда менің бетімнен тырнадыңдар. Бүгінде солар өз қателіктерін мойындап жүр. Өздеріңді дамытыңдар», - деп сөзін түйіндеді журналист.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий