ҚазАвтоЖол жауапты жолдағы ақау көліктердің астаң-кестеңін шығарды
Алматы-Қорғас тасжолындағы ақау көліктерді зақымдады, деп хабарлайды Politico.kz.
ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Алматы-Қорғас тасжолында көтеріліп кеткен бетон плитасынан бірнеше жеңіл автокөлік зақымдалып, олардың иелеріне келтірілген материалдық шығынды жауапты мердігер ұйым толық көлемде өтеп берді.
Әлеуметтік желіде таралған ақпаратта Бәйдібек би ауылына бұрылысқа жетпейтін тұста жол жабынынан шығып тұрған бетон кедергісіне ұшыраған 5 шақты автокөлік көрсетілген. Жүргізушілердің айтуынша жоғары жылдамдықпен соғылған көліктердің ішінде Jetour кроссоверінің дөңгелегі жарылса, Mercedes-Benz жол талғамайтын көлігінің жанармай багы тесіліп, ал Hyundai седанының беріліс қорабы зақымдалып майы аққан. Оқиға орнында болған азаматтардың сөзіне қарағанда полиция мен жол қызметін шақыру әрекеттері нәтиже бермеген және жанынан өткен 2 патрульдік көлік уақыттың жоқтығын алға тартып тоқтаудан бас тартқан.
Ұлттық компанияның мәлімдеуінше жол жабынының бұзылуына алдымен ауыр жүк көлігінің өтуі себеп болған және одан кейін жүріп өткен машиналардың дөңгелектеріне зақым келген. Оқиғадан кейін жол қызметтері мердігер ұйыммен бірлесіп ақауды қысқа мерзімде қалыпқа келтіргенін және қазіргі уақытта қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар аталған факті бойынша мердігерге қатысты полиция органдары әкімшілік шара қолданып тиісті айыппұл салды.
ҚазАвтоЖол-дың хабарлауынша ауа температурасының жоғарылауына байланысты тасжолдағы мониторинг күшейтіліп, деформация қаупі бар 31 учаске анықталған. Қазіргі уақытта оның 21 учаскесінде ішкі кернеуді төмендету жұмыстары толық аяқталып, қалған 10 бөлікте профилактикалық шаралар жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар