ҚМДБ қыз-келіншектер қолданатын кейбір коллагеннің харам екенін ескертті

19.11.2025 10:31 Әсел Мұрат
ҚМДБ қыз-келіншектер қолданатын кейбір коллагеннің харам екенін ескертті
0
119
Фото: ашық дереккөз

Қыз-келіншектер сұлулығы үшін қолданатын коллагеннің бәрі бірдей шариғатқа сай емес болып шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі соңғы уақытта кең тараған өнімді қолдануға қатысты арнайы пәтуа шығарды.
 
«Қоспалардың шариғатқа сай немесе сай еместігі оның шикізатына тікелей байланысты. Мәселен, шошқа өнімдерінен немесе шариғат жолымен бауыздалмаған жануардан алынған коллаген харам болып есептеледі. Ал адал жолмен сойылған сиыр мен қойдың, сондай-ақ балықтың негізінде жасалған түрлерін ішуге рұқсат бар», – дейді басқарма өкілдері. 

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлының айтуынша, қазір коллаген косметикаларда, тағамдарда қоспа ретінде қолданылады. Егер шошқадан алынса, еті желінбейтін жануардан алынса немесе еті желінетін, бірақ шариғатқа сай бауыздалмаған жануардан алынған болса ондай коллагенді қолдануға болмайды.

Ал егер балықтан алынса, еті желінетін жануарлар шариғатқа сай бауыздалса, бұл шариғақа сай, қолдануға рұқсат болады дейді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий