Қонаевта 22 жастағы жүргізуші баланы қағып өлтірді

Қонаевта 22 жастағы жүргізуші баланы қағып өлтірді
Фото: Бейнеден кадр

Қонаевта көлік қаққан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 2026 жылғы 20 қыркүйекте, жексенбі күні қаланың 10-шағынауданында болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, сағат 18.40 шамасында қала көшелерінің бірінде Hyundai көлігін басқарған 22 жастағы жүргізуші баланы қағып кеткен. Кәмелетке толмаған бала сол кезде жолдың жүріс бөлігінде болған.

Полиция баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу