Қонаевта депутаттың көз алдында әйел суға батып көз жұмды

Қонаевта депутаттың көз алдында әйел суға батып көз жұмды
08.07.2025 11:03
0
239
Фото: Видеодан кадр

Қонаевтағы жағажайда депутаттың көзінше жас әйел суға батып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қайғылы оқиғаны өз көзімен көрді. Оның айтуынша жағалауда қауіпсіздікке жауапты ешкім болмаған. Депутат құтқарушылар, бейнебақылау камералары, құтқару құралдары, медициналық қызметкер жоқ екенін айтты. Су қоймасының жағасы жеке кәсіпкерлерге берілген.

Олар аймаққа пайда әкелудің орнына тек шлагбаум қойып, келгендерден ақша жинаумен шектеледі.

Қызды судан куәгерлер алып шығып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан.

Оқиға орнына келген дәрігерлер мен полицейлер «ештеңе істей алмаймыз, судағы қауіпсіздікке уәкілетті органдар жауап береді» деп жауап берген.

Бақытжан Базарбек жағажайлардың кімге тиесілі екенін анықтап, заң талаптарын бұзғандарды жауапқа тарту үшін тексеріс жүргізуді талап ететінін айтты.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий