“Күйеуін өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған”: әйел көңілдесімен бірге сұмдық қылмыс жасады

“Күйеуін өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған”: әйел көңілдесімен бірге сұмдық қылмыс жасады
08.07.2025 10:15
0
280
pexels.com

Үндістанның Карнатака штатында жаға ұстатарлық қылмыс тіркелді: Сумангала есімді әйел күйеуін өзге ер адаммен көңіл жарастырғаны үшін аяусыз өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған.

50 жастағы Шанкарамуртидің көзіне шөп салып жүрген Сумангала Нагараджу есімді ер адаммен тығыз қарым-қатынаста болған. Әйел өзінің бақытын күйеуі шектеп отыр деп ойлап, одан біржола құтылуға бел буған. Қанды қылмыс Сумангала мен оның көңілдесі Нагараджудың алдын ала келісімімен жасалған. Оқиға кезінде Шанкарамурти үйде жалғыз болғаны анықталды.

Алынған мәліметтерге сәйкес, Сумангала алдымен күйеуінің бетіне ұнтақталған чили бұрышын шашып, артынша оны таяқпен аяусыз соққыға жыққан. Қатыгездік мұнымен тоқтамаған: әйел оның мойнын аяғымен басып, тұншықтырып өлтірген. Қылмысты жасыру үшін Сумангала мен Нагараджу мәйітті қапқа салып, үйден 30 шақырым қашықтықта орналасқан бөгде адамның фермасына апарған. Сол жерде олар құдық тауып, мәйіт салынған қапты соған тастаған.

Бастапқыда Сумангала күйеуінің жоғалғаны туралы полицияға хабар бергенімен, тергеу барысында күдікті әрекеттер байқалған. Полицейлер Шанкарамуртидің төсегінен чили бұрышының қалдықтарын тауып, бұл қылмыстың ізін аша түсті. Тергеу кезінде Сумангала жауап алуға шақырылып, оның телефон жазбалары зерттеліп, Нагараджумен тұрақты байланыста болғаны белгілі болды. Екеуінің бірлесіп қылмыс жасағаны дәлелденді. Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, ал қылмыскерлердің нақты қандай жаза алатыны әлі белгісіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий