Қонақүйде демалған жұптың төсегінің астынан бейтаныс ер адам шыққан

16.09.2026 22:31 Томирис САҒЫНДЫҚ
Қонақүйде демалған жұптың төсегінің астынан бейтаныс ер адам шыққан
275
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

АҚШ-тағы спа-отель қонақтары кереуеттің астынан бейтаныс ер адамды тауып алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Оқиға Майамидегі Provident Doral мейманханасында болған. Демалушылар бөлмелеріне орналасып, ұйықтауға жатқан. Алайда таңғы сағат төрт шамасында әйел кереуеттің жанынан қозғалысты сезген. Оның айтуынша, арада екі сағат өткенде төсек асты кәдімгідей «теңселе» бастаған.

Әйел кереуеттің астына сығалап қарап, онда жатқан ер адамды көреді. Ол серігімен бірге бірден бөлмеден атып шығып, болған жағдайды күзетшілерге хабарлаған. Туристердің жатын бөлмесінде жасырынған адам 25 жастағы Ритчел Кальвер болып шықты. Ол 31 тамызда отельден шығып кеткенімен, қонақүйге қайта оралуға бірнеше рет әрекет жасаған.

Қазіргі уақытта Кальвер ұсталып, тергеуге алынды. Оған жеке аумаққа заңсыз кіру және тұтқындау кезінде полицияға қарсылық көрсету айыптары тағылып отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий