Ақтөбе облысында теміржол өткелінде тепловоз жүк көлігімен соқтығысты

16.09.2026 22:20 Қарақат АСЫЛОВА
Ақтөбе облысында теміржол өткелінде тепловоз жүк көлігімен соқтығысты
462
Видеодан кадр

Ақтөбе облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық маңызы бар Қарабұтақ–Қостанай автожолындағы теміржол өткелінде тепловоз жүк көлігін соққан.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Өзге зардап шеккендер жоқ.

Оқиғадан кейін аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Арнайы қызметтер жолды босату жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта автожолдағы қозғалыс толық қалпына келтіріліп, көліктер әдеттегі режимде қатынап жатыр.

Полиция жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, бағдаршам белгілері мен шлагбаум талаптарын орындауға шақырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий