«Қорған болмаса, тұңғиыққа тартып кетеді»: Дариға Бадықованың жан сырын ақтарған жазбасы жұртты ойландырды

20.01.2026 11:00 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қорған болмаса, тұңғиыққа тартып кетеді»: Дариға Бадықованың жан сырын ақтарған жазбасы жұртты ойландырды
0
54
Коллаж: Politico.kz

Демалысын Мальдив аралдарында өткізген танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың әлеуметтік желідегі жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесі Instagram парақшасында саяхаттан алған әсерімен бөлісіп қана қоймай, өмірінде тірек болар адамның маңызы туралы терең ой қозғады. Актрисаның жазбасынан әйел жанына тән нәзіктік пен ішкі толғаныс анық аңғарылады.

«Бұл ел мен үшін ерекше күй сыйлады. Шексіздікті сезіндім. Аспанның көк реңін, судың мөп-мөлдір қалпын байқадым. Көп нәрсені сұрадым. Соңғы кезде тілейтінім күш, қуат және қорған. Қорған болмаса, адамды тұңғиық тартып кетеді. Барша әйел затына тілегім әйелдік нәзіктікті сақтап қалуға мүмкіндік беретін, қорғайтын жандарыңыз болсын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары актрисаның жазбасына ерекше ықыласпен үн қатты. Көпшілік жылы лебізін білдіріп, қолдау көрсетті.

«Әр әйел бақытты болуға лайық», «Өмірің жарқын да мәнді болсын», «Күнің шаттық пен қуанышқа толы өтсін», «Өте сұлу болып жүрсіз», «Көзіңізден махаббаттың нұры төгіліп тұр», «Жанарыңыз жарқырап, күннен-күнге көркейіп барасыз» сынды пікірлер жазылды

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий