«Қош бол!»: Дариға Бадықова жазбасымен елді ойлантып қойды

18.03.2026 10:14 Мөлдір Талғат
«Қош бол!»: Дариға Бадықова жазбасымен елді ойлантып қойды
424
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында шетелге жасаған сапары туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі табиғаттың тыныштығы адам жанына ерекше әсер ететінін айтып, мұндай сәттердің ішкі күйзелістен арылуға көмектесетінін жеткізді.

«Тынық мұхитпен табиғатымыз ұқсайды. Жүрегім тыныш болған күні, өмір де жеңіл көрінеді. Маған ішкі әдемілік маңызды. Оны Германияда жүргенде түсінгенмін», – деп жазды актриса.

Сонымен қатар Дариға Бадықова АҚШ-та өткізген күндерін ерекше ықыласпен еске алды. Оның айтуынша, бұл сапар өміріне жаңа көзқарас сыйлаған.

«Қош бол, әсем California. Бұл жер маған тек әдемі күндерді ғана емес, үлкен тәжірибе мен жаңа көзқарас сыйлады. Мұнда талай арман пайда болды, талай ойым өзгерді. Әрбір кеші мен таңы жүректе естелік болып қалады. Келесі аялдама – Нью-Йорк», – деп бөлісті ол.

Желі қолданушылары актрисаның жазбасын жылы қабылдап, оған жаңа сапарларында сәттілік тіледі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий