Қосшыда 10 жасар бала мерт болды
Астана маңындағы Қосшы қаласында 10 жасар бала суға кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Қосшы қаласында қайғылы оқиға болды. Нұра–Есіл каналында 10 жастағы бала суға батып кетті. Бұл су айдыны шомылуға арналмаған, аумағында тыйым салатын белгілер орнатылған», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі.
Баланың денесін астаналық құтқарушылар алып шыққан.
Кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған тағы бір оқиға Зеренді ауданында тіркелді. Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары ересектердің қарауынсыз қалған, диспансерлік есепте тұрған баланы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бала аман-есен табылды.
Төтеншеліктер балаларды су айдыны маңында қараусыз қалдырмауға, тек арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылу керектігін ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...