Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды
Қостанайда үйінің ауласында серуендеп жүрген 86 жастағы зейнеткерді аяусыз өлтірді деген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыс полициясы таратқан мәліметке сәйкес, қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар 86 жастағы қарияның денесі табылған.
Аталған факті бойынша бірден қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, оны ұстады.
«Күдікті 17 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады өңірлік полиция департаментіндегілер.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмыстың себептері анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда қарт кісінің үйінің жанында серуендеп жүргенде қатыгездікпен өлтірілгені хабарланып, полиция қылмыскерді іздестіруге кіріскен болатын.
Соңғы жаңалықтар