Қостанайда АЭС салынуы мүмкін

21.04.2026 12:47 Арман Ермеков
Қостанайда АЭС салынуы мүмкін
74
Қостанай облысы АЭС салынатын орындардың тізіміне енді. Фото: depositphotos.com

Үкімет Қазақстанда атом электр станциясын салатын жаңа аймақ ретінде Қостанай облысын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елді электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету үшін 3 немесе 4 АЭС салу жоспарда бар екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша мамандар экологиялық және сейсмикалық қауіпсіздік талаптарын ескеріп станция салуға болатын бірнеше орынды зерттеген. Олардың қатарында 6 энергетикалық блок салуға мүмкіндік беретін Балқаш маңы мен шағын немесе орташа реакторларға арналған Курчатов қаласы бар. Сонымен қатар мамандар энергетикалық қондырғыларды қолдану тәжірибесі бар Батыс Қазақстан аймағын да қарастырған.

Агенттік басшысы болашақта Қостанай облысында да станция бой көтеруі мүмкін екенін жеткізді.

"Энергия теңгеріміне сүйенсек, Қостанай 20-30 жылдан кейін Қазақстанда атом станциясын салуға қолайлы орынға айналуы мүмкін", – деді Сәтқалиев.

Осылайша бұл аймақ ұзақ мерзімді жоспарда жаңа станция салуға арналған орындардың бірі ретінде таңдалып отыр.

Айта кетейік, алдағы уақытта елімізде төртінші атом электр станциясы салынуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий