Қостанайда шенеунік қамауға алынды

12.12.2025 09:56 Арман Ермеков
Қостанайда шенеунік қамауға алынды
0
366
Фото: gov.kz

Қостанай облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Доспанов Ерболат Сардарбекұлын ұстады. Лауазымды тұлғаға қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Politico.kz порталы «ҚазАқпарат» ХАА-не сілтеме жасап.

Бұл жөніндегі ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарап, кейіннен Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жариялауға жатпайды.

Тергеу изоляторына қамалған шенеунік 1990 жылы Қостанай өңірінің Қамысты ауданындағы Үрқаш ауылында дүниеге келген. Ол 2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдап, экономика бакалавры біліктілігін алған.

Ерболат Доспанов еңбек жолын 2010 жылы Қостанай қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында қарапайым экономист болып бастаған. Кейіннен қаладағы №3 емханада есепші қызметін атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі жолы 2013 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасында статистика маманы болудан басталды. Осы мекемеде ол сатылап өсіп, экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы лауазымына дейін көтерілген. 2020 жылдың басында аталған басқарма басшысының орынбасары болды.

Соңғы жылдары ол Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Ал 2024 жылдың сәуірі мен қараша айлары аралығында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары креслосында отырған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий