Қожамжаровтың туысына тиесілі ғимарат сүрілетін болды

06.04.2026 10:53 Арман Ермеков
Қожамжаровтың туысына тиесілі ғимарат сүрілетін болды
320
Жандар Құтбайға тиесілі ғимарат сүрілуі мүмкін | Фото: ашық дереккөз

Тараз қаласында бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың туыстарына тиесілі заңсыз салынған ғимаратты сүру туралы сот шешімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Жаңа тұрғын үй кешені мен Жамбыл медициналық колледжінің арасында орналасқан нысанның құрылысы 20 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Әкімшілік ғимарат пен көлік тұрағын салу үшін 0,0347 гектар жер телімі 2001 жылы берілгенімен құрылыс жұмыстары үшінші қабатқа жеткенде тоқтап қалған.

Фото: Orda.kz

Журналистердің сауалынан кейін бұл жердің Жандар Құтбайға тиесілі екені анықталды. Оның анасы Дария Қожамжарова бір кездері Бас прокурор және қаржы полициясының басшысы болған Қайрат Қожамжаровтың апасы.

2023-те Тараздағы тастанды ғимараттар жайлы материал жарияланғаннан кейін 3 жылға созылған сот процесі басталды. Нәтижесінде бірінші сатыдағы сот нысанды заңсыз құрылыс деп танып, оны меншік иесінің есебінен сүруге шешім шығарды.

Сот барысында ғимараттың рұқсат құжаттарынсыз салынғаны, сараптамадан өтпегені және қала құрылысы нормаларын бұзып қызыл сызықтан шығып кеткені белгілі болды. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ және алдағы уақытта апелляциялық шағым түсуі мүмкін.

Бақылаушылардың пікірінше, нысанның ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалуына иелерінің ықпалды туыстары себеп болуы ықтимал.

Айта кетейік, Қожамжаровтардың бірі – Дулат Қожамжаров соттарда жеңіліс тауып, алғашында Қазақстан темір жолынан, кейіннен Халық банкінен ұтылып қалған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий