"Құлаған Назарбаев": Мәскеуліктер күтпеген шешім қабылдады

31.10.2025 15:42 Айсұлу Мұрат
0
750
Анвар Ракишев

Мәскеудегі Garage заманауи өнер мұражайы қазақ суретшісі Ербосын Мелдібековтің “Құлаған Назарбаев” атты резонансты инсталляциясын өз коллекциясына қосты. Бұл туралы National Business хабарлады.

Аталмыш туынды алғаш рет 2024 жылдың ақпанында өткен “Бұран — Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс жолының арасында” атты жеке көрмеде жұртшылық назарына ұсынылған болатын. Инсталляцияның өзегінде — Талдықорғанда орнатылып, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде құлатылған Назарбаев мүсінінің бес қола көшірмесі бар.

Мелдібеков бұл композиция арқылы ескерткіштің құлау сәтін біртіндеп бейнелеп, көрерменге құлаған тұлғаның қайта көтерілуі мүмкін бе деген символдық сауал тастайды.

Көрмені Қайрат Боранбаевтың “Целинный” заманауи мәдениет орталығы мен Серік Толықпаевтың Aitas Foundation қоры ұйымдастырған. Алайда туынды қоғамда қызу пікірталас туғызып, кейбір тараптар оны экспозициядан алып тастауды талап еткен. Суретші мен куратор бұл талапты орындаудан бас тартқаннан кейін, Aitas Foundation Мелдібековпен серіктестікті тоқтатқан.

Мәліметтерге сүйенсек, Garage мұражайы жұмысты ондаған мың доллар көлемінде сатып алған, бірақ нақты сома жария етілмеген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий