Құлағы естімейтін такси жүргізушісіне ақшасын төлемеген: жолаушы не үшін қашып кеткенін айтты
Астанада жүргізушінің есту қабілетінің нашарлығын пайдаланып, таксиге ақшасын төлемей түсіп кеткен жолаушы ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жүргізуші Самат тек жігіттің ұялғанын қалайтынын айтқан, басқалай шағымданбаған.
Алайда Ақмола облыстық полиция департаменті қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері болмағанына қарамастан, желідегі ақпаратқа жедел әрекет еткенін хабарлады.
«Сол күні-ақ полицейлер құқықбұзушыны – Көкшетаудың 30 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамның айтуынша, ол 24 қарашада такси қызметін пайдаланған. Алайда қызмет үшін төлемей көліктен түсіп кеткен», – делінген полиция хабарламасында.
Ол мұндай әрекетін қаржылық қиындықтармен түсіндірген. Құқық қорғау органдары жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ақырында ол жолақыны толықтай өтеп берген.
Жолаушы құлағы естімейтін такси жүргізушісіне жолақысын төлемей қашып кеткен
Еске сала кетейік, Астанада жолаушы жүргізушінің құлағы нашар еститінін пайдаланып, жол ақысын төлемей қашып кеткен еді.
Соңғы жаңалықтар