«Құлшылық — міндеттеу емес»: Асылбек Боранбай дін туралы ашық пікір айтты

31.12.2025 14:01 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Құлшылық — міндеттеу емес»: Асылбек Боранбай дін туралы ашық пікір айтты
0
64
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Танымал актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай Oyla podcast-да дін мәселесіне қатысты ойымен бөлісіп, желі қолданушылары арасында қызу талқылауға түсті. Өнер иесі намаз оқитын жандарға әрдайым құрметпен қарайтынын атап өтті, алайда құлшылықтың әр адамның жеке таңдауы екенін қадап айтты, деп хабарлайды Politico.kz

Актердің айтуынша, дінді желеу етіп, оны өзгеге міндеттеу немесе өз іс-әрекетімен қоғамда теріс пікір қалыптастыру – исламның беделіне нұқсан келтіреді. Оның сөзінше, мешітте де, күнделікті өмірде де ең алдымен көркем мінез бен адамгершілік алдыңғы орында тұруы тиіс.

«Намазды біреу үшін емес, өзің үшін оқу керек. Дін – тәрбие мен мінезден басталады. Құлшылық жасап жүріп, өзгеге дөрекі сөйлеп, қиянат жасап жатқандарды көргенде қынжыласың», – деген ойды меңзеді актер.

Асылбек Боранбайдың бұл пікірі желі қолданушылары тарапынан кең қолдау тапты. Көпшілік оның сөзін орынды әрі шынайы деп бағалап, қоғамда дінге қатысты жасандылық пен екіжүзділік бар екенін жасырмады.

«Мешіттен шыққан соң боқтық сөз айтып тұрғандарды талай көрдік», «Дін – көрсететін нәрсе емес, жүректегі иман», «Намаз оқып жүріп, адамгершілікті ұмытқандар көп», «Өте дұрыс айтты, әркім өзіне жауап береді» деп жазды желі қолданушылары.

Актердің бұл пікірі діннің сыртқы форма емес, ішкі тазалық пен мінез-құлық екенін тағы бір мәрте еске салды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий