”Құранда “Хиджаб” деген сөз жоқ” - исламтанушы
956
Нұр-Мүбәрак университетінің профессоры, исламтанушы Мұхитдин Исаұлы Құранда "хиджаб" сөзінің кездеспейтінін айтып, жастарды арабтың ұлттық киімін кимеуге шақырды, деп хабарлайды Politico.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Ғалым журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында ислам дінінде басты талап – дене мүшесінің жабық болуы екенін және заманға сай киінуге болатынын атап өтті.
"Мен жастарға олай арабша киінбеңдерші деймін. Дәл қазір Мүфтият болып Меккеге барып қыздар медресесін ашып, арабтың қыздарына қазақтың кимешегін кигізіп қойсақ, ол жақтың Мүфтиі бұған қарсы шығады. Исламда денең жабық болса болды. Пайғамбарымызға орамал парыз болған уақытта әйелдер етегін кесіп алып, басын жапқан. Құранда "хиджаб" деген сөз жоқ, "хумр" деп айтылады", – деді Мұхитдин Исаұлы.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
17:52
«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Жаң...
28.09.2026
17:30
Әл-Фарабидегі жол апаты: полиция бастығының экс...
28.09.2026
17:20
«Екі ұлымыздан айырылдық»: Каспийдегі сұмдықтан...
28.09.2026
17:06
«Қара бүркіт» емес: Атырауда 4 адамды өлтірген ...
28.09.2026
16:14
Үндістанда қазақстандық бапкер іздестіріліп жат...
28.09.2026
15:27
«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде...