Құрбысы: Күйеуі Мадинаның алтындары мен "айфонын" сатып жіберген

25.08.2026 20:43 Томирис САҒЫНДЫҚ
Құрбысы: Күйеуі Мадинаның алтындары мен
103
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысы Меркі ауданында көз жұмған Мадина Рашидқызының құрбысы марқұмның күйеуі туралы сөз қозғады. Зейнептің айтуынша, Мадинаның күйеуі Мадияр енесінен 700 мың теңге қарыз алып, марқұмның алтындарын сатқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Зейнеп CMN.KZ порталына берген сұқбатында әңгімеледі.  

«Беташары болды. Мадияр оның анасынан қарызға 700 мың теңге алған. Тіпті анасында барлық чек сақтаулы. Сонымен қатар Мадинада iPhone 17 Pro Max болған. Мадияр оны сатып, ақшасын өзіне алып қойды. Мадинаның алтын әшекейлері де бар еді, ол соның бәрін сатып, ақшасын өзіне алды. Бұны маған Мадинаның өзі айтқан болатын», — деді Зейнеп.

Ары қарай ол Мадина Рашидқызының тұрмысқа шықса да, толықтай анасына тәуелді болғанын айтты.

«Мадияр жұмыс істемейді, тек әйелінің ақшасына өмір сүрді. Сонымен қатар, Мадина ауырғанда, ол дәрі-дәрмекке де ақша бермейтін. Ақшаны үнемі анасы жіберетін, оның өзінде біреулер арқылы салып жіберетін еді, өйткені Мадинаның Kaspi шоты бұғаттаулы болатын. Тұрмысқа шықты деген аты болмаса, оны толықтай анасы қамтамасыз етіп отырған», — деді Мадинаның құрбысы Зейнеп.

Войдите, чтобы оставить комментарий