"Құрметім ерекше, махаббатым өзгеше": Мөлдір Мұқанованың жазбасы жұртқа ой салды
Ел назарында жүрген Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында туған жерінен видео жариялап, ауылдастарына деген ерекше ықыласын білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, ауылына деген құрметі мен сағынышы ешқашан өзгермейді.
“Ауылдастарым, сіздерге деген құрметім ерекше, махаббатым өзгеше, сағынышым мәңгілік. Кішкентай ғана ауылымның берекелілігіне, татулығы мен ұйымшылдығына тағы бір тамсандым. Ауылымның іргесі мықты болып, дамып жатқаны үшін әкімге, ақсақалдарға, тұрғындарға шексіз ризамын. Өмірдің кез келген сәтінде сіздермен біргемін”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Мөлдір Мұқанованың туған жерін ұмытпай, қарапайым болмысын сақтағанына тәнті болып, жылы пікірлер қалдырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...