Қыдырәлі мен Қарақат «Күміс тойға» жеткендерін сүйіншіледі
Әнші Қыдырәлі Болманов Instagram-дағы парақшасына әйелі Қарақат Әбілдинамен неке қиған күнін есіне алды. Олардың отасқанына ертең 25 жыл толады, деп хабарлады politico.kz.
Алланың қалауымен 20 тамызда Алматы орталық мешітінде ақ некемізді қиғызып, сол күні үйлену тойымды өткіздім. Күміс тойға аман-есен жеткізіп, Қақатымның мойнына күміс алқа тақты. Отан берген, отбасымды бақытқа толтырып, перзенттер берген, адал жар берген ерекше мейірімді Аллаға сансыз мадақтар болсын! – деп жазды Қыдырәлі Болманов.Бұған дейін Қарақат Әбілдина да неке күніндегі суретін жариялап, жазба қалдырған болатын.
Тамыз айының 20-сы үйленген күніміз ғой. Бұйырса, биыл – 25 жыл. «Күміс тойға» да жетіп қалыппыз, шүкір! Соған архивтерді қарайын деп, ашқаным сол еді, визажист қызым қасыма келіп, біраз қарап тұрды да түрімді көріп: «Неге әдемілеп боянбағансыз? Кірпік, тырнақ жабыстырып, хайлайтер, румян жағып, шаш үлгіңіз де сол, кішкентай қыздардың тағатын гүлдерін тағып алыпсыз» деді. Қазіргінің баласы қайдан білсін, ол кезде қазіргідей макияж, кірпік жапсыру деген жоқ, бәрі табиғи болғанын, – деп жазған еді әнші.Фото: Instagram
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...
02.11.2026
16:25
Мөлдір Мұқанова 11 млн теңге тұратын алқасын кө...
02.11.2026
16:22
Тоқаевтың ұсынысынан кейін Кремль үн қатты: Рес...
02.11.2026
16:18
Қазақстанда жол саласындағы заңбұзушылықтардан ...