«Қылмыскерді көруге келдіңдер ме?»: Нұрлан Сабуров алғаш рет үн қатты

«Қылмыскерді көруге келдіңдер ме?»: Нұрлан Сабуров алғаш рет үн қатты
Ашық дереккөздерден
Сабуров сахнада бәрін айтып салды

Қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге қойылған 50 жылдық тыйымға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы ол Пхукеттегі концерті кезінде әзіл аралас айтып өткен деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.

Сахнада сөз сөйлеген Сабуров журналист Ксения Собчак туралы да ирониямен тоқталды:

«Собчакқа қолдауы үшін респект, бірақ шынымды айтсам қажет емес. Әйтпесе 500 жылға тыйым салып, концертті Сатурнның бесінші сақинасында өткізуім мүмкін», — деп әзілдеді ол.

Комик көрермендерге тағы бір тосын қалжыңын айтты:

«Көпшілігі концертке келген шығар, бірақ көбі “қылмыскерді” көруге келген сияқты. Тіпті Владимир Зеленский де ондай тыйым алмаған шығар. 50 жыл! Мен не, Дракуламын ба?»

Журналистердің мәліметінше, комик әуежайда ұсталған сәтін де еске алған. Оның айтуынша, әрбір екінші полицей суретке түсу үшін жақындаған.

Айта кетейік бұған дейін Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Ресми себеп ретінде «ұлттық қауіпсіздік мүддесі, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау» көрсетілген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу