Қырғызстан мектептерінде ақша жинауға заңмен тыйым салынды
768
Қырғызстанда мектептерде заңсыз ақша жинағандарға қатаң шаралар енгізілді
Қырғызстанда мектептерде мәжбүрлі түрде ақша жинауға тыйым салатын заң қабылданды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл заңға ел президенті Садыр Жапаров қол қойды.
Заң мемлекет пен жергілікті қоғамдық білім беру ұйымдарында балалардың тегін білім алу құқығын жүзеге асыруға бағытталған. Енді мұндай ұйымдарда заңсыз және мәжбүрлі түрде қаржылық немесе материалдық қаражат жинауға тыйым салынады.
Мектептердегі осындай бұзушылықтарды анықтау және тиісті жазалау шараларын қолдану өкілеттігі ішкі істер органдарына берілді.
Sputnik агенттігінің мәліметінше, келесі айыппұлдар қарастырылған:
- мектептерде заңсыз ақша жинау үшін – 20 мың сом (121 мың теңге);
- мектеп жанындағы қоғамдық қорларды құру үшін:
- жеке тұлғаларға – 40 мың сом (242 мың теңге);
- заңды тұлғаларға – 60 мың сом (363 мың теңге).
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...