Қырғызстан жүргізушілері Қазақстан шекарасында ақша бопсалау жайлы шағымдануда

Қырғызстандық жүргізушілер Қазақстан шекарасында заңсыз төлемдерге шағымдануда, деп хабарлайды POLITICO.KZ тілшісі 24.kg арнасына сілтеме жасап.
Айтуларынша, шекара маңында қырғыз нөмірлі жүк көліктерін себепсіз уақытша сақтау қоймасына кіргізіп, жүктің сәйкестігін тексеру деген желеумен 12 мың теңге төлеуге мәжбүрлейді.
«Мұндай әрекет заңға қайшы, әрі ар-намысты қорлайтын жағдай. Сонымен қатар, адам төзгісіз жағдайлар жасалады: жүргізушілер жолдың шетінде ешқандай жағдай жасалмаған күйде сағаттап күтуге мәжбүр. Әсіресе тек қырғыз нөмірлі көліктерге осындай тексеріске тап болады. Бұл ұлттық белгі бойынша ашық кемсітушілік сияқты көрінеді», – дейді жүргізушілердің бірі.
Жүргізушілердің бұл мәселеге назар аударып, ресми деңгейде көтеруді және де құзырлы органдарды тартып, мәселені шешуді сұрайды. Тексеру және бақылау үдерісінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету керегін алға тартады жүргізушілер.
Соңғы жаңалықтар





