«Арманын орындадым»: Жігер Ауыпбаев жас жарына күтпеген сыйлық жасап, жылатты

23.09.2026 09:21 Мөлдір ҚАЙНАР
«Арманын орындадым»: Жігер Ауыпбаев жас жарына күтпеген сыйлық жасап, жылатты
195
Фото: коллаж politico.kz

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жары Муминаның көптен күткен арманын орындап, оған кіші қажылыққа (ұмра) жолдама сыйлады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл тосынсыйды жарының ішкі арманын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырғанын жеткізді.

«Жұбайымның гештальтін жабу үшін», – деп жазды ол.

Күтпеген сыйлықтан ерекше әсер алған жас келіншек толқып, көз жасына ерік берді.

Жас жұбайлардың жүрекжарды сәті желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, оқырмандар: «Бақытты болыңдар», «Ниеттерің қабыл болсын», «Жұғысты болсын», «Арыстандай ақырып шыққаны несі?» деген секілді түрлі пікірлерін қалдырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий