Конституциялық сотқа 10 судья тағайындалды

23.09.2026 10:28 Қарақат АСЫЛОВА
Конституциялық сотқа 10 судья тағайындалды
297
Фото: gov.kz

Құрылтай Президент ұсынған он кандидаттың Конституциялық сот судьясы болып тағайындалуына келісім берді. Осыдан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Кандидаттарды палата отырысында Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр таныстырды. Оның айтуынша, Конституцияның 56-бабына сәйкес Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Конституциялық соттың судьясы болып мыналар тағайындалды:

  • Сәкен Абдолла;
  • Лейла Сұлтанқызы Жақаева;
  • Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев;
  • Айжан Ержанқызы Жатқанбаева;
  • Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева;
  • Қанат Сергейұлы Мусин;
  • Бақыт Маратұлы Нұрмұханов;
  • Сергей Васильевич Скрябин;
  • Аслан Султанович Тукиев;
  • Сергей Федорович Ударцев.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев Эльвира Азимованы Конституциялық соттың төрағасы етіп тағайындаған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий