Қырғызстанда көкпаршы ойында қаза тапты
964
Көкпаршыны ойын кезінде ат қағып өлтірді
Қырғызстанның Военно-Антоновка ауылында Наурыз мейрамына орай өткен көкпар ойыны кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ 24.kg арнасына сілтеме жасап.
Бүгін, 12 наурыз күні болған қайғылы оқиға салдарынан 44 жастағы ойыншы Мирлан Сраждинов қаза тапты. Ол жерде жатқан серкені көтермек болып еңкейген сәтінде қарсылас ойыншының аты қатты жылдамдықпен келіп соққан. Соққыдан кейін Сраждинов есінен танып, жерге құлаған.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі спортшының дәрігерлер келгенге дейін ашық бас сүйек-ми жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысты тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қайғылы оқиғадан кейін ойын дереу тоқтатылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
18:29
Елде баға мен халықтың табысы қалай өзгерді?
13.10.2026
18:13
Мәслихат сайлауы қалай өтеді: маңызды күндер бе...
13.10.2026
17:50
Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
13.10.2026
17:28
Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі...
13.10.2026
17:18
Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2 пайызға өсті
13.10.2026
17:13
«Қап-қап ақша»: Түркістандық әжейдің үйінде күт...