Қытайда қайыршы роботтар пайда болды
1286
Қытай көшелерінде алақан жайып ақша сұраған роботтар пайда болды. Желіде қайыр тілеп тұрған андроидтың видеосы кеңінен таралып жатыр. Темірден жасалған бұл құрылғы өтіп бара жатқан адамдардың назарын өзіне аударуда, деп хабарлайды Politico.kz.
Андроид менің қуаттағышым отырып барады, өтінемін, көмектесіңіздерші деп өтініш айтады. Бұны көрген жүргіншілер оның алдындағы ыдысқа ақшаларын қуана салып жатыр.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі әзілдерін жазуда. Адамдардың айтуынша үйсіздер өздерінің орнына жұмысты жақсы істейтін андроидтарды қолдана бастаған.
Көшедегі адамдардан ақша сұраған ерекше робот көпшілікті таңғалдырды. Оның бұл әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез танымал болып үлгерді. Қазіргі уақытта қолданушылар бұған қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.
Таралған ақпаратқа қарағанда бұл кәдімгі тәжірибе немесе жарнамалық қадам болуы мүмкін. Оған қоса кейбіреулер мұны роботтың мүмкіндіктерін көрсетуге арналған ерекше қойылым деп санайды.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...