«Қытайдан әкеліп, бренд жасады ма?»: Абилова Мерейдің Miore өнімі желіде сынға ұшырады

17.12.2025 13:16 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қытайдан әкеліп, бренд жасады ма?»: Абилова Мерейдің Miore өнімі желіде сынға ұшырады
0
49
Коллаж: Politico.kz

Әлеуметтік желіде блогер Абилова Мерейдің Miore атты жаңа өнімі қызу талқылауға түсті. Желідегі қолданушылар брендтің идеясы мен концепциясына күмән келтіріп, оны әлемге әйгілі Dior, Hermès секілді брендтермен салыстырып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Көпшіліктің пікірінше, Miore өнімдерінің дизайны мен ұсынылу тәсілі танымал брендтердің айқын көшірмесіндей әсер қалдырады. Әсіресе жарнамалық материалдар мен визуал стилінде тың жаңалықтың жоқтығы сынға ілінді.

Желіде жазылған пікірлердің бірқатары мынадай:

«Ақша бар, фантазия жоқ», «Қазір бәрі Қытайдан косметика әкеліп, өз брендім деп сатып жатыр», «Үш айлық еңбек деп айтты, ал үлкен брендтер бір өнімге жылдар жұмсайды», «Dior-ды Miore деп ауыстыра салғандай әсер», «Threads-та бұған дейін-ақ бір өнім шығаратыны белгілі болған»,-деді желі оқырмандары.

Кейбір қолданушылар өнімнің шығу тарихы мен өндіріс процесіне қатысты ашықтықтың аз екенін де атап өтті. Олар «жаңа бренд үшін тек атау мен қаптама емес, бірегей идея мен сапа маңызды» екенін алға тартады.

Дегенмен, Мерей Абилованы қолдағандар да бар. Олар кез келген жаңа брендтің бастапқы кезеңде сынға ұшырайтынын, уақыт өте келе өнім өз орнын табуы мүмкін екенін жазып жатыр. Қалай болғанда да, Miore бренді қоғам назарын аударды. Ал бұл сын брендтің дамуына серпін бола ма, әлде керісінше әсер ете ме  оны уақыт көрсетеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий