Қытайлық бастығына қол көтерген қазақстандық жұмысшыға айыппұл салынды

Қытайлық бастығына қол көтерген қазақстандық жұмысшыға айыппұл салынды
31.07.2025 13:14
0
334
Сурет: Ашық Дереккөз

Жамбыл облысында қытайлық бастығына қол көтерген жұмысшыға айыппұл салынды және 500 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Жамбыл облысында болған шулы оқиға бойынша Мойынқұм аудандық соты үкім шығарды. 2025 жылдың маусым айында жергілікті зауытта жұмыс істейтін қазақстандық азамат қытайлық бас инженерге қол жұмсаған болатын. Жұмысшы одан жұмыс уақыты есебін растайтын құжатқа қол қоюды сұраған, алайда басшының бас тартуынан кейін ашуға булығып, оны бірнеше рет ұрған.

Сот материалдарына сәйкес, зардап шегуші физикалық ауырсыну сезінгенімен, денсаулығына жеңіл зақым келмеген. Жұмысшы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдіріп, кешірім сұраған. Алайда жәбірленуші бұл кешірімді қабылдамай, моральдық шығын мен заңгерлік шығындарды өтеуді талап еткен.

Сот айыпталушының мойындауы мен шын ниетімен өкінуін ескеріп, оған 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 157 200 теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар ол басшысына моральдық зиян ретінде 500 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий