Қызды ұрлау туралы шақыртуға барған полицей не дейді: Нұрай ісі бойынша сотта күтпеген жайттың беті ашылды

04.08.2026 12:09 Әсел МҰРАТ
Қызды ұрлау туралы шақыртуға барған полицей не дейді: Нұрай ісі бойынша сотта күтпеген жайттың беті ашылды
250
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысында қайғылы оқиғаға дейін қызды ұрлау туралы хабарлама бойынша шақыртуға барған Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерінен жауап алынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полицейдің айтуынша, қызды ұрлау туралы хабарлама түскеннен кейін полиция тобы көрсетілген мекенжайға барған.

Сотта айыптау тарапы полицейдің берген жауабын жариялады.

«Біз үйге барған кезде алдымыздан екі ер адам шықты. Кейін олардың сотталушының ағалары екенін білдім. Үйдің ішінде мерекелік, тойға ұқсас атмосфера болды. Адам көп еді, балалар жүгіріп жүрді. Біз қыз туралы сұраған кезде сотталушы Нұрай екеуінің кездесіп жүріп жүргенін айтты. Нұрайдан бұл үйге өз еркімен келді ме деп сұрағанымызда, ол «иә» деп жауап берді», – делінген полицей жауабында.

Оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілген. Полицейдің сөзінше, сол жерде Нұрай үйге өз еркімен келгенін айтып, ешкімге шағымы жоқ екенін мәлімдеген.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері Шерханнан түсініктеме алып, кейін барлық тарапты босатқан.

Алайда келесі күні прокуратурадан полицияға қоңырау түскен. Прокуратура өкілдері Нұрайдың туыстарынан қызды ұрлау фактісі бойынша шағым түскенін айтып, екі тарапты да полиция бөліміне қайта жеткізуді сұраған.

Нұрай полиция бөліміне әкесімен бірге келген. Полицейлер одан бұған дейін қызды ұрлау фактісін жоққа шығарғанына қарамастан, не себепті шағым жазылғанын сұраған.

Қыздың айтуынша, арыз жазуды одан әкесі мен ағасы талап еткен.

Нұрайдың өз тарапынан жеке шағымы болмағандықтан, полиция қызметкерлері екі тарапты да қайтадан босатқан.

Войдите, чтобы оставить комментарий