Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-аймақта ер адамдар төбелесті (ВИДЕО)

20.09.2026 12:21 Қарақат АСЫЛОВА
Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-аймақта ер адамдар төбелесті (ВИДЕО)
357
Видеодан кадр

Астанада KeshYou тобының 20 жылдығына арналған мерейтойлық концерті кезінде фан-аймақта жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға туралы концертке барған көрермендер әлеуметтік желіде хабарлаған. Желіде тараған видеодан фан-аймақта екі ер адамның сөзге келіп, бір-біріне балағат сөздер айтқаны байқалады. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кейін төбелеске ұласқан.

Астана қаласының полиция департаменті аталған жағдай бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді.

Қазір құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдардың жеке басын анықтау және оқиғаның барлық мән-жайын зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде жанжалға қатысқандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара қабылданады.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте Астанадағы «Барыс» аренасында KeshYou тобының 20 жылдығына арналған мерейтойлық концерті өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий