Қызметтік көлікпен 1,5 жастағы сәбиді қағып өлтірген полицейге қатысты сот отырысы басталмақ
Ақтауда қызметтік көлікпен бір жарым жастағы баланы қағып, оның өліміне себеп болған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға биыл 13 мамыр күні 27-шағынаудандағы тұрғын үйдің ауласында болған. Тергеу мәліметінше, патрульдік жол талғамайтын көлікті басқарған полиция қызметкері кішкентай баланы қағып кеткен. Сәби оқиға орнында көз жұмған.
Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болмағаны анықталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша жүргізілді.
Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс сот өндірісіне қабылданып, қарауға тіркелген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...