Қызылорда облысында 6 жастағы бала түнде Toyota Land Cruiser тізгінінде ұсталды

10.09.2026 20:21 Қарақат АСЫЛОВА
Қызылорда облысында 6 жастағы бала түнде Toyota Land Cruiser тізгінінде ұсталды
439
Видеодан кадр

Қызылорда облысының Арал ауданында полицейлер түнгі уақытта жол талғамайтын көлік тізгіндеген 6 жастағы баланы тоқтатты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Land Cruiser көлігін басқарып келе жатқан кәмелетке толмаған баланы анықтаған. Тексеру барысында көліктің оның әкесіне тиесілі екені белгілі болды.

Полиция баланың ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбиесіне байланысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар баланың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны да тіркелді.

Жиналған материалдар сотқа жолданған. Сот істі қарап, баланың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде ата-анаға айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен және өзімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий