Қызылорда облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды
Қызылорда облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен қолға түсті. Бұл туралы Politico.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
20 жастағы келіншектің өлімі туралы ақпарат алғаш болып Telegram-дағы Egov.press каналында жарияланды.
«Шұғыл ақпарат. Кейбір дерек көздер Қызылорда облысының тұрғыны әйелін қатыгездікпен өлтіріп, қашып жүргенін хабарлап жатыр. Осы адамды көрген-білгендер болса, полицияға хабарлаңыздар. Қылмыс Шиелі ауданы Майлытоғай ауылында болған», - делінген жазбада.Майлытоғай ауылы маңындағы қойшы ауылдан 20 жастағы әйелдің денесі табылғаны жазылған. Марқұмның денесінде жарақаттар болған. Жергілікті полиция күдіктіге алдымен іздеу жариялап, кейін оны қолға түсіргенін хабарлады. Онда көз жұмған әйелдің күйеуі күдікті ретінде танылып, іздестіріліп жатқаны көрсетілген. Қанды оқиғаға қатысты Қызылорда облыстық полиция департаменті пікір білдіріп, күдікті ұсталғанын хабарлады.
«Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды», - деді полиция өкілдері.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
09:22
«Мына сайқымазақты беріңдер»: Олимпиада чемпион...
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...