Қызылордада баланың көзінше әжесі мен анасын өлтірген көршісі өмір бойына сотталды

08.04.2026 17:41 Арман Ермеков
Қызылордада баланың көзінше әжесі мен анасын өлтірген көршісі өмір бойына сотталды
376
Қызылордада екі адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды/Коллаж Politico.kz

Қызылорда облысында баланың көзінше әжесі мен анасын өлтірген көршісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Биыл 8 қаңтарда түнгі сағат 01:00 шамасында жатақханада ішімдік ішіп отырған ер адам көршісінің гитарасын лақтырып тастағанын есіне түсіріп, қолына пышақ алып олардың пәтеріне баса-көктеп кірген.

Қылмыскер алдымен әжесін пышақтап, оған араша түсіп жалынған баланы итеріп жіберген кезде пышақ оның бетін тіліп түседі. Одан кейін ол жуынатын бөлмеге тығылып қалған анасын артынан қуып барып, есікті жұлып алып, оны да өлтірген.

Осы сәтте жасөспірім сыныптасына хабарлама жазып, үйдегі жағдайды баяндап үлгереді.

«Полиция шақыршы. Өтінем. Әжемді өлтірді. Тездетші. Анам дәретханада. Тездетші, есікті бұзып кірсін», - деп жазған ол өз досына.

Досының көмегімен көршілер дереу полиция шақырып, жасөспірім аман қалды.

Қызылорда облысының мамандандырылған соты бұл істі қарап, қылмыскерді кінәлі деп тауып, оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий