Қызының журналистермен сұхбатын Қалдыбек Құрманәлінің өзі ұйымдастырған
986
Танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлінің әкесі мәлімдеме жасады. Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы Facebook-тегі парақшасына жариялады.
Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлінің белгілі сазгер, Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер. Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы бар екен. Балаларымен араласып, көмектесіп тұратынын айтты. Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. «Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім» дейді. «Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім» деп отыр, - деп жазды ол.Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтқан.
«Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын» деп отыр. Әнару – 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені туралы ештеңе айта алмаймын деді. Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты, - дейді Гүлбану Әниятқызы.Ал боксшы Instagram-дағы парақшасына Әнарумен ешқандай қарым-қатынасы болмағанын айтып, жазба қалдырған еді. Олай болса, қыздың әкесінен не үшін кешірім сұраған?.. Фото: inbusiness.kz
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...