"Қызыңызды алыңыз, ол менің мазамды алуда!": Астанадағы автобуста аутист балаға қатысты менсінбеушілік сөздер айтылды

28.07.2025 09:03
0
258
Сурет: Бейнеден кадр

Астанадағы автобус оқиғасына байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қатысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бейнеде қоғамдық көлікте отырған ересек әйелдің аутизмі бар қыз балаға қатысты менсінбеушілік сөздер айтқаны көрінеді.

«Қызыңызды алыңыз, ол менің мазамды алуда!» – деп айтқан астаналық әйел баланың анасына.

Комитет өкілдері әрбір баланың, даму ерекшелігіне қарамастан, құрметке, қорғауға және қоғам өміріне толыққанды қатысуға құқығы бар екенін атап өтті.

«Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Қазіргі уақытта әйелдің жеке басы анықталуда. Әрбір бала, оның даму ерекшелігіне қарамастан, құрметке, қорғауға және қоғам өміріне қатысуға құқылы. Барлық ересектерді балалардың құқықтарын қатаң сақтауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз», – делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, хабарламада балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері Оқу-ағарту министрлігінің басты назарында екені айтылды.

Дереккөз: CHECK-POINT.KZ

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий