RaiM Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлады
1105
Әнші RaiM Ерке Есмаханның тұңғышына соңғы үлгідегі көлік сыйлады. Бұл жаңалықты Ерке Есмахан өзінің Instagram-дағы парақшасында бөліскен.
Міне, бүгін папасы Муслимге сыйлық жасап, қуантты. Көлігің құтты болсын, балам! Ақылды жігіт бол! Үмітімізді ақта! Артыңнан ерген ініңе үлгі бол! – деп жазды әнші.Одан кейін ұлының болмысының өзгеруіне ықпал еткен күйеуіне ел алдында алғыс білдірді.
Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады. Ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашып, қабілетін шыңдады. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген әке махаббатын сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, «Папа, мама» деп толыққанды отбасында өсіп жатыр, – деді Ерке Есмахан.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...