Референдумда қабылданған жаңа Конституцияның толық мәтіні жарияланды
«Egemen Qazaqstan» газеті Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының толық мәтінін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Осы жылдың 15 наурызында өткен жалпыұлттық референдумда қабылданған Ата заңның жаңа нұсқасы бүгін ресми басылым бетінде жарық көрді. Енді ел азаматтары мемлекеттің басты құжатына енгізілген барлық өзгерістер мен толық мәтінмен аталған газет арқылы таныса алады.
Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтінін — осы жерден оқи аласыз.
Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 17 наурызда саяси науқанның түпкілікті қорытындысын шығарып, нәтижесін арнайы хаттамамен бекіткен болатын. Ресми мәліметке сүйенсек, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 73,12 пайызы немесе 9 миллион 127 мыңнан астам адам өз таңдауын жасаған. Оның ішінде 7 миллион 954 мыңға жуық қазақстандық, яғни қатысушылардың 87,15 пайызы жаңа құжаттың қабылдануын толықтай қолдады.
Осы тарихи оқиғаға орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ашық әрі әділ өткен референдумның сәтті аяқталуымен құттықтады.
Соңғы жаңалықтар