Рэпер Qarakesek Ақтөбеде есірткімен ұсталды
Ақтөбеде белгілі рэпер Амантаев Омар есірткімен ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ақтөбеде жедел іс-шаралар кезінде 31 жастағы рэп-орындаушы жол-патрульдік полициясы тарапынан тоқтатылды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол көлікті есірткілік масаң күйде басқарған. Жеке тінту барысында оның қалтасынан ұнтақ тәрізді зат салынған ZIP-пакет табылып, сараптама нәтижесінде оның синтетикалық есірткі екені анықталды.
Медициналық тексеру жүргізіліп, жүргізушінің есірткі қолданғаны расталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның хабарлауынша, сот шешімімен құқықбұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Сурет: Ашық Дереккөз
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...