РЕСЕЙДЕ СУ ТАСҚЫНЫ ТОЛАСТАМАЙ ТҰР
Ресейде су тасқынына қатысты ахуал әлі де күрделі. Қорған облысында Тобыл өзенінің деңгейі шамамен 6 метрге жеткен. Салдарынан 3 ауданда 800 үй мен аумақты су басты. 7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Тасқынға тосқауыл қою үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ұзындығы 2 шақырым болатын бөгет тұрғызып, жағалауды барынша нығайтып жатыр.
Орынбор облысында да тасқынға байланысты жергілікті халық жаппай эвакуацияланды.
Осы уақытқа дейін су басқан аймақтардан 16,5 мыңнан аса тұрғын көшірілген. Оның 5 мыңға жуығы бала. Ресми мәлімет бойынша бүкіл облыс бойынша 14 мың үйді су басқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...